2017 ЖЫЛЫ ОБЛЫС БЮДЖЕТІ 10 МЛРД. ТЕҢГЕГЕ АРТҚАН
Сала басшылары жартыжылдың есебін айтты. 2017 жылы облыс бюджеті 209 млрд. теңге көлемінде бекітіліп, жыл басынан бері 3 рет нақтылау нәтижесімен 218,7 млрд. теңгеге жеткізілді. Яғни 10 млрд. теңгеге артқан.
2017 жылдың 1 жартыжылдығында атқарған жұмыстары жайында бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Сәуле Құлымбетова баяндады.