БЮДЖЕТ ТҮСІМДЕРІ 101,4 ПАЙЫЗҒА ОРЫНДАЛДЫ
Бүгін баспасөз мәслихатында облыстық қаржы басқармасының басшысы Талғат Жақыпбаев жартыжылдықта атқарған жұмыстары жайында мәлімдеді.
Облыс бойынша 2017 жылдың 1 тамызына бюджет түсімдері 101,4 пайызға орындалды, артық түсім 1,9 млрд.теңгені құраған.
Жекешелендірудің екінші толқыны аясында облыс бойынша жекешелендіруге жататын 13 нысан анықталды. Оның 7-ін биыл жеке секторға беру жоспарланса, «Байқоңыр» ӘКК акционерлік қоғамының 2 ұйымы жоба бастамашыларына сатылды. Қыркүйек айынан бастап қалған 5 нысан саудаға қойылады.