АЙМАҚ ХАЛҚЫНЫҢ САНЫ 7 АЙДА 777,7 АДАМҒА ЖЕТТІ
2017 жылдың 7 айында облыс халқының саны 777,7 мың адамға жетті. Облыстағы өлім көрсеткішініне қарағанда туу саны жоғары. Бұл туралы және қаңтар-шілде айында атқарған жұмыстарын облыстық статистика департаменті мемлекеттік мекемесінің басшысы Баекеева Мариям Жәдігерқызы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында баяндады.
Сондай-ақ, 7 айда некеге тұрғандар саны - 2419, ал ажырасулар- 831 құраған. 100 некеге 34 ажырасудан келеді. Ең көп ажырасу саны Байқоңырда, 2 некенің біреуі ажырасқан.