МЖӘМ: 21 МЛРД. ТЕҢГЕНІ ҚҰРАЙТЫН 24 ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАДЫ
Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Сәуле Құлымбетова мемлекеттік-жекеменшік әріптестік механизмі туралы баяндады.
Бүгінде мемлекеттік-жекеменшік әріптестік механизмі аясында облысымызда жалпы құны 21 млрд. теңгені құрайтын 24 жобаны жүзеге асыру жоспарлануда.
Жыл басынан бері 3 жоба бойынша келісім-шартқа қол қойылды. Олар «Тарлан» дене шынықтыру-сауықтыру кешеніне сервистік қызмет көрсету, И.Тайманов көшесінде ауысымына 400 адамды қабылдауға арналған емхананы ашу, «Мерей» мөлтек ауданында дене шынықтыру-сауықтыру кешенін жалға алу.