ДАУЫЛ БОЛАДЫ
«Қазгидромет» республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қызылорда гидрометеорология орталығы хабарлауынша, 17 тамызда Қызылорда облысының кей жерлерінде шаңды дауыл күтіледі, 17-19 тамызда солтүстік-шығыстан, солтүстіктен 15-20 м/с жел сақталады.
Осыған байланысты, Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті облыс тұрғындары мен қонақтарына қауіпсіздікті сақтау шараларына баса назар аударуын ескертеді.
Қызылорда облысы
Төтенше жағдайлар департаментінің
Мемлекеттік тіл және ақпарат тобы