ҚЫЗЫЛОРДАДА ҮШ АЙДА 12 МЫҢ ТУРИСТКЕ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
Статистикалық мәліметтерге сәйкес, 2017 жылдың қаңтар-наурыз аралығында Қызылорда облысына келген туристердің саны 12 580 адамды құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 32,4%-ға артқан.
Қазіргі таңда орналастыру орындарының саны 90 бірлікті құрайды. Орналастыру орындарында бір жолғы сыйымдылығы 1 826 төсек-орынды құрайтын 1 029 нөмір бар. Осы жылдың алғашқы 3 айында орналастыру орындарымен 12 мыңнан аса келушілерге 187 млн. теңге көлемінде қызмет көрсетілген.
Сондай-ақ, Арал ауданындағы «Қамбаш» көлінің жағалауында жағажай туризмін дамыту қолға алынуда. Қазіргі таңда көл жағалауында туристік инфрақұрылымды дамыту мақсатында құрылысы тез тұрғызылатын материалдан жасалған 12 тұрғын үй жұмыс жасауда.