ҚҰТҚАРУШЫЛАР «МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ШАРАСЫНА ҚАТЫСТЫ
Елімізде «Менің таңдауым-балаларға көмек көрсету!» республикалық қайырымдылық шарасы жүріп жатыр. Осы шарадан ҚР ІІМ ТЖК «Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағы» ММ құтқарушыларыда тыс қалмай, аталған акцияға өз үлестерін қосты.
Мекеме қызметкерлері төрт бала тәрбиелеп отырған жалғыз басты ананың шаңырағында болып көмек қолын созды. Мектеп жасындағы Қайсар мен Айымжанға мектеп құралдары, спорттық киімдер мен аяқ киім алынды.
Сонымен қатар, Қызылордалық құтқарушылар материалдық көмек жинап, жоғарыда көрсетілген отбасыға табыстады.
- Әрбір ата-ана үшін басты бақыт – балаларының қуанышты күлімсіреулері. Біздер де көңілсіз балақайлардың көздерін қуанышты етуге мүмкіндігіміз бар. Егер Қазақстанның әрбір еңбекке жарамды азаматы тұрмысы төмен жанұялардын балаларына көмек қолын ұсынса, тағдыр өкпелеткен балалардың көзі бақытпен жарқырайды. Осы орайда мектепке қатысушылық ұлғаяды, балалардың білім деңгейлері өседі. Әрбір балаға мектепке өз жолын табуға үлес қосайық, - дейді құтқарушылар.