ДАЛА АЛҚАПТАРЫН ТІЛСІЗ ЖАУДАН ҚОРҒАУ ҮШІН ҚОСЫМША ҚАРАЖАТ БӨЛІНДІ
Қазалы ауданының ТЖ бөлімінің хабарлауынша дала өртін, сондай-ақ мемлекеттік өртке қарсы қызметі бөлімшелері жоқ елді мекендердегі өртті сөндіруді ұйымдастыру мақсатында Қазалы ауданының жергілікті бюджеті есебінен тиісті қаражат көзі қарастырылған. Оның бір бөлігі Аранды ауылдық округіндегі өрт сөндіру бекетінің өрт автокөлігін ұстап тұруға, қалғаны сыйымдылығы 3000 литр 2 дана «әмбебап өрт сөндіру тіркемесін» алуға жұмсалды.
Өрт сөндіру тіркемелері шалғай орналасқан Қазалы ауданының Шәкен және Тасарық ауылдық округтеріне табыс етілді. Салтанатты рәсімге аудан әкімінің орынбасары Ж.Мұратбаев, Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Ө.Сақтабаев, №4 өрт сөндіру бөлімінің бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Ғ.Ниеталиев, Шәкен және Тасарық ауылдық округтерінің әкімдері мен өртке қарсы ерікті құралымдары қатысты.
Өз сөзінде аудан әкімінің орынбасары Ж.Мұратбаев бұл шаралардың елдің игілігі үшін жасалып жатқанын және алдағы уақытта жалғасын тауып, қосымша техникалардың алынатынын айтты. Сонымен қатар шара барысында тіркемені қолдану тәртібі мен мүмкіншілігі таныстырылып, түсіндірілді.