МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫ ОҚУЛЫҚТАРМЕН ТОЛЫҚ ҚАМТЫЛАДЫ
Биыл Қызылорда облысында мектептің 2, 5, 7 сыныптарында оқитын 46 345 оқушыға 988 мың дана жаңа оқулық мен оқу-әдістемелік кешен, 1-сынып үшін жұмыс дәптерін сатып алуға қажетті 1,3 млрд. теңге қаралды. Бүгінгі күні баспалармен қажетті келісім шарттар жасап, оқулықтарды тасымалдау жұмыстары басталды. Оқулықтарды жеткізу мерзімі 15 тамызға дейін деп белгіленгенді. Оқулықтармен қамтамасыз ету мәселесіне, білім басқармасы тарапынан күнделікті мониторинг жүргізілуде.
Облыстық білім басқармасының мәліметіне сәйкес биыл жаңа оқу жылының қарсаңындағы білім саласы қызметкерлерінің дәстүрлі тамыз кеңесі «Қазақстанның үшінші жаңғыруы- білімнің үлесі» тақырыбында өтетін болады. 7-21 тамыз аралығында ҚР БжҒ министрлігінің ұйымдастыруымен республикалық тамыз кеңесінің өңірлердегі секциялық жұмыстары ұйымдастырылып, 22 тамыз күні Астана қаласында пленарлық мәжіліс өтеді. Республикалық тамыз конференциясының секция отырыстарына Қызылорда облысынан 80-ге жуық педагог қатысады.