ОБЛЫС МЕКТЕПТЕРІ ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА ДАЙЫН
Алдағы 2017-2018 оқу жылында, облыстағы 293 жалпы білім беретін орта мектептегі оқушылар контингенті 6 мыңға көбейіп, 149 мың бала білім алады деп күтілуде. Оның ішінде, 1- сыныпқа келетін балалар саны 700-ге артып, 18911 –ге жетіп отыр. Ал, 9-сыныпты бітіріп, білімін колледждерде жалғастыратын оқушылар саны 20- тамызға дейін нақты анықталатын болады.
Оқушылар контингентінің осылайша жыл сайын артқанымен, соңғы жылдары облыстағы мектеп құрылысының қарқынды жүргізілуі, оның ішінде өткен оқу жылының өзінде 12 мектептің құрылысы аяқталып, жаңа оқу жылының қарсаңында тағы 5 мектептің пайдалануға берілетіндігі, мектептердегі оқушы орнының тапшылығын азайтып, оқу процесін 2 ауысымнан асырмай жүргізуге толық мүмкіндік береді.
Бүгінгі күні 281 мектепке жоспарланған, жаңа оқу жылы алдындағы ағымдағы жөндеу жұмыстары толығымен аяқталды.