ЭКСПО-2017: ЕКІ АЙДАҒЫ НӘТИЖЕ
2017 жылғы 10 маусым 14 тамыз аралығында «Астана ЭКСПО-2017» көрмесіне қатысушы елдердің халықаралық павильондарына кіріп-шығу саны 17 млн-ға жетті. «ЭКСПО-2017» көрмесінің баспасөз қызмет хабарлағандай олардың ішінде мына павильондарға келушілер саны көп болған.
1 | Африка Плазасы (22 ел) | 659 452 |
2 | Мысыр | 608 733 |
3 | Түркия | 596 462 |
4 | Әзірбайжан | 568 654 |
5 | Таиланд | 566 711 |
6 | Үндістан | 557 480 |
7 | Ресей | 515 321 |
8 | Өзбекстан | 469 575 |
9 | Жапония | 461 772 |
10 | Сауд Арабиясы Корольдігі | 419 285 |
Көрменің 2 ай жұмысы аралығында 66 Ұлттық және 4 мамандандырылған күндер ұйымдастырылды. 160 жуық тақырыптық іс-шаралар (конгрестер, конференциялар, форумдар, мастер-класстар). ЭКСПО-2017 көрмесіне 22 мемлекет және үкімет басшылары қатысқандығын атап өту қажет.
Аталған мерзім аралығында жалпы сомасы 131 767 992 теңгені құрайтын 84 495 дана лицензиялық өнімдер сатылды. Көрменің екі ай жұмыс аралығында 537,8 тонна өнімдер әкелінді. Қоғамдық тамақтану орындарында 558, 7 мың келушілерге қызмет көрсетілді. Тауар айналымының жалпы сомасы 905,7 млн. теңгені құрады.
Қазіргі кезде ЭКСПО-қалашығында 5181 адам тұрады. Жалпы мерзім ішінде (2 ай) 15416 қонақ орналастырылды.
Екі ай ішінде 867 зат табылды, олардың ішінде 273 зат қайта қайтарылды, ал 594-і сақтауда.
2017 жылғы 9 маусым 10 тамыз аралығында бұқаралық ақпарат құралдарына көрме туралы 15410 материал жарық көрді.
Операциялық кезең басынан бастап қауіпсіздікті қамтамасыз ету орталығының желісі бойынша 1789 жағдай тіркелген, олардың ішінде 26 қылмыс. Олардың барлығы ұсақ ұрлықпен байланысты.
Құқық қорғау органдары профилактикалық және түсіндіру жұмыстары белсенді түрде жалғастырылуда.