ӘБІЛ ҚАЛЫМБЕТОВТІ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН ДӘСТҮРЛІ ТУРНИР ӨТЕДІ

Биыл бесінші мәрте ұйымдастырылған турнирге Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарынан 8 команда қатысады.
Спорт секцияларында дәріс алып жүрген жасөспірімдердің шеберлігін нығайтып, спорттың бұқаралығын арттыру, облыс құрама командасын үздік ойыншылармен толықтырып, салауатты өмір салтын насихаттауды көздеген турнир ертең сағат 9:00-де «Локомотив» стадионында басталады.
Жарыс қорытындысы бойынша футболшылар номинациялармен (үздік қақпашы, үздік қорғаушы, үздік жартылай қорғаушы, үздік шабуылшы, үздік ойыншы) марапатталады.
Жеңімпаз және жүлдегер командаларға диплом, кубок және бағалы сыйлықтар беріледі.