520 БАЛАҒА КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ

Сонымен қатар, мемлекеттік органдар, бизнес құрылымдар, үкіметтік емес ұйымдарға акция барысында тұрмысы төмен, аз қамтамасыз етілген, көпбалалы отбасыларға демеушілік жасау, қолдау көрсетуге хаттар жолдануда.
Барлық білім беру мекемелерінде мөлтекаудандар бойынша балаларды тіркеу, есепке алу шаралары ұйымдастырылуда. Құқық қорғау органдары, мектеп психологтары, білім қызметкерлері бірлесе отырып, базарлар, саяжайлар, вокзалдар, көңіл көтеретін орындарда рейдтік тексерулер жүргізуде.
Бүгінгі күні Қызылорда қаласы мен аудандар бойынша бюджеттен тыс қаржы көздері есебінен 520 балаға көмек көрсетіліп отыр.