ЖАЗА ӨТЕУШІЛЕР АРАСЫНДА ЖАЗҒЫ СПАРТАКИАДА ӨТУДЕ

Спартакиадаға қатысушылар дойбы, шахмат, стол теннисі, мини-футбол, волейбол, гір көтеру спорты, қол күресінен сынға түсіп, жеңіл атлетикалық бағдарлама шартына орай 100 метрлік эстафета жүгірді. Қаппен жүгіруден жарыс өтіп, бағанада тартылу және ұзындыққа секіруден сайысты.
Спартакиада қорытындысы бойынша жеңімпаздарға дипломдар мен бағалы сыйлықтар беріледі.
С.Ким
ЗК-169/5 мекемесінің
САТЖЖ бөлімінің бастығы,
әділет майоры