БАЛАЛАРҒА ҮЛКЕН ҚУАНЫШ
Күллі әлем көз тіккен ЭКСПО көрмесін көріп, тамашалаған Қызылорда теміржолшыларының балаларын «Нұр Отан» партиясы «Теміржол» филиалының төрағасы Аманкелді Арысбаев Қызылорда вокзалының перронында өзі күтіп алды.
Еліміздің бас қаласы Астананы тамашалап көрме жұмыстарымен танысуға барған 32 баланың 12-ны аз қамсыздандырылыған көпбалалы отбасынан шыққан оқу озаты, олимпиада мен спорттан жетістікке жеткен теміржолшылардың балалары. Бірінші күні ЭКСПО барған балалар әр елдің павильонында, Ұлттық музейде, «Думан» ойын сауық орталығында болып, Қазақстанның Тұңғыш Президенті мұражайын тамашалады. Бірінші кезекте балаларға ұнағаны Президентің мұражайы мен ҚТЖ-ның павильоны. Көрмені аралау барысында жас жеткіншектер өздерін қызықтырған сан сұраққа жауап алып, кешкісін Есіл өзенінің жағалауында қыдырып естелік суретке түсті. Балаларға эмблемемасы бар футболка, кепкалармен бірге көрмені тамашалаған суреттерін фотоальбомға салып естелік ретінде таратты. Балалардың көңіл күйі көтеріңкі.
«Балалардың жол жүру ақысын, тамағы мен тұратын орнын, көрмені тамашаланудағы шығындарын кәсіподақ демеушілік жасады»- деді кәсіподақ ұйымының төрағасы Мұхтар Көпірбаев .
Күтіп алуға келген ата-аналар осындай керемет дүниелерді көрсетіп, балаларға үлкен қуаныш сыйлап жатқан ұйымдастырушыларға рахмет айтты.