АСТАНАДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ МӘДЕНИ КҮНДЕРІ ГАЛА-КОНЦЕРТПЕН ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

Концертте «Томирис» би ансамблі, жыршы, термешілер – Алмас Алматов, Күнсұлу Түрікпен, қазақ эстрадасының жұлдыздары - Мәдина Сәдуақасова, Рамазан Тайманов, Серік Ибрагимов, «Сыр самалы» вокалды аспапы ансаблі және т.б өнер көрсетті. Мерекелік шараға Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев, «Астана ЭКСПО-2017» ҰК Басқармасының төрағасы Ахметжан Есімов, ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіхалықова, қазақстандық зілтемірші, әлемнің төрт дүркін чемпионы Илья Ильин, Рио олимпиадасының қола жүлдегері Александр Зайчиков, ақын Елена Әбдіхалықова және Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев қатысты.
Естеріңізге сала кетейік, Астанада «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында 10-14 тамыз күндері Қызылорда облысының мәдени күндері өткізілген болатын.



