ТҰРҒЫНДАРҒА ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТҮСІНДІРІЛДІ
«100 нақты қадам» Ұлттық жоспарының 80-ші қадамын жүзеге асыру мақсатында Қызылорда облысы филиалы жанында құрылған ақпараттық насихаттық топ Төменарық елді мекен тұрғындарымен кездесіп түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Шараға «Амбулаториялық емханалық қызметі бар Жаңақорған аудандық орталық ауруханасы» МКК бас дәрігері Сәбит Ысқақов, аудандық емхана бас дәрігерінің орынбасары Гүлмира Қамырбаева, аудандық партия филиалы қызметкерлері, БАҚ өкілдері қатысты.
Шараны ашқан Сәбит Ысқақов партиямен тұрғындарға міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу қарқынды жүріп жатқанын жеткізді.
- Мемлекеттік құзырлы органдарға диалог аланын ұсыну, МӘМС жүйесін енгізу кезінде әлеуметтік қарама-қайшылықтарды шешу немесе болуы мүмкін қайшылықтардың алдын алу бойынша жұмыстар атқарылып жатыр, - деді ол.
Өз кезегінде аудандық емхана бас дәрігерінің орынбасары Гүлмира Қамырбаева МӘМС жүйесінің тиімділігін айта отырып, қалай жүзеге асырылатындығы жөнінде түсіндірме жұмысын жүргізді.
- 1 шілдеден бастап Қазақстанда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры жұмыс істей бастағанын және әр айдың 25-не дейін жұмыс беруші мекеме өз қызметкерлері үшін жарна аударатынын атап өтті. 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап әрбір жұмысшы жалақысының 1 пайызы мөлшерінде жарна төлей бастайды, - деді ол.
Іс-шара соңында, аталған жүйенің нәтижелі іске асырылуы үшін бүкіл халықтық қолдау табу және бұқара халықтың барлығының белсенді қатысуына шақырды.