МЕМЛЕКЕТТІК ЖӘРДЕМАҚЫНЫҢ ТАҒАЙЫНДАЛУ ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

Кездесу барысында арнаулы мемлекеттік жәрдемақының тағайындалу заңдылықтары және тоқтатылу себебі жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Айта кетейік, 1947 жылы тамызда КСРО Министрлер кеңесінің шешімімен шартты түрде «№2 оқу полигоны» деп аталған Атом полигонын құру туралы қаулы қабылданды. 1948 жылдың шілде айында полигонға әскер бөлімдері мен құрылысшылар келе бастады. 1949 жылғы 29 тамызда таңғы сағат жетіде көз ілеспес жылдамдықпен ұлғайып бара жатқан отты доп кенеттен Жер денесіне қадалып, оны шарпып өтіп, аспанға көтерілген.