«ҚАЗАҚФИЛЬМ» ҚЫЗЫЛОРДАДА КАСТИНГ ӨТКІЗЕДІ

Естеріңізге сала кетсек, үстіміздегі жылдың маусым айында жұмыс атауы «Елбасы жолы. Бейбітшілік кіндігі» және «Тұмар патшайым» атты киножобаларға актерлер арасында республикалық кастинг жарияланған болатын. Бұл фильмдерді ҚР Мәдениет және спорт министрлігі тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ «Sataifilm» кинокомпаниясымен бірлесіп түсіргелі отыр. Қоюшы режиссері Ақан Сатаев.
Айта кетсек, аталған фильмдерге кастинг Қазақстанның шығыс өңірлерінде – Семей, Павлодар, Өскемен қалаларында өткізілген болатын. Жақын күндері кастинг Қызылорда, Қостанай, Ақтөбе, Орал, Атырау, Ақтау, Тараз, Шымкент қалаларында өткізілетін болады.