ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ БОЙЫНША 7 МЫҢ АДАМ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛАДЫ
Жыл аяғына дейін Қызылорда облысы бойынша 7 мың адам жұмыспен қамтылады. Бұл «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы» аясында жүзеге аспақ. Қазір өңірдегі 6 кәсіпорында 120 адам оқытылып жатыр. Қайта даярлау бағдарламасының қатысушылары 3 айлық курстан соң сол мекемеге жұмысқа орналасуға мүмкіндік алады. Оқу кезінде олар жолақы, шәкіртақы және жатын орнымен қамтылады, деп хабарлайды 24.kz.
Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының қысқамерзімдік кәсіптік оқыту бағытына сәйкес азаматтар 25 мамандық бойынша 14 колледж бен 4 оқу орталығына жолданады.
- Кәсіптік техникалық оқыту бойынша қаражат қаралған. Ол 1 қыркүйектен бастап жүзеге асырылады. Оған 1 200 адам қатыстыру жоспарланып отыр. Келесі бағытта шағын несиелендіру мәселесі. Шағын несиелендіру мәселесі бойынша бізде 2,2 млрд теңге қаражат қаралған. Бұл 202 млрд теңге ішінде 700 млн-нан астам қаражат бөлінді. 48 адам несие алды, -дейді облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Мұрат Ергешбаев.
Республика бойынша алғаш болып жұмыс берушілердің оқу орталықтарында аспаздармен қатар тігіншілер де оқуды бастап кетті. Алдағы уақытта бағдарламаға тағы 11 кәсіпорын қосылады деп жоспарланып отыр.