ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚ ЖАҢҒЫРУҒА НЕГІЗ ҚАЛАЙДЫ
«Нұр Отан» партиясы Қармақшы аудандық филиалында көпбалалы, батыр аналармен кездесу болып өтті. Партияның «Бақытты отбасы-бақытты балалық шақ» бағдарламасы шеңберіндегі шараға «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Д.Буханов, аудандық мәслихат депутаты К.Раева, халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы аудандық филиалының төрағасы Ә.Құлдүйсенов қатысты.
Кездесуді «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Д.Буханов ашып, Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақаласының мәні мен мазмұны жайлы кеңінен айтты. шара барысында шараға қатысқандар тарихи маңызды құжатта айтылған өскелең ұрпақтың ұлттық болмысын сақтап қалумен қатар бәсекеге қабілеттілігін арттыруға баса мән беру, мәдениет, отбасы құндылықтары мен сананың жаңғыруы жөнінде ой-пікірлерін ортаға салды.
Тағылымы мол кеште аналарға құрмет көрсетіліп, сый сияпаттар тапсырылды.