932 ГЕКТАР АЛҚАП МЕМЛЕКЕТТІК ЖЕР ҚОРЫНА ҚАЙТАРЫЛДЫ
Қазалы ауданында Ұлт жоспары – «Бес институтционалдық реформаны іске асыру» бойынша 100 нақты қадамның 35-36 қадамдары бойынша көзделген жер қатынастары саласы бойынша ауылшаруашылық жерлерін пайдалануға тұрақты түрде мониторинг жүргізіліп, пайдаланылмай жатқан жерлерді айналымға тарту бойынша бірқатар жұмыстар атқарылды.
Бүгінде ауданда ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін пайдаланбаған 7 жеке және заңды тұлғадан 932 гектар жер мемлекеттік жер қорына қайтарылды.
Осы жылға Қызылорда облысының жер қатынастары басқармасы ауданда 12 000 гектар ауылшаруашылығы жерін айналымға қосу жоспарласа, бүгінде 23 жеке және заңды тұлғаға көлемі 5230 гектар жер учаскесі рәсімделді.
ҚР Жер кодексінің 48-бабына сәйкес қала, кент, және ауылдық округтер бойынша аукцион, конкурстар арқылы сатуға жататын жер учаскелерінің тізбесі жасақталып, 9 рет аукцион өткізілді, аукцион өткізу жұмыстары бөлімде тұрақты тәжірибеге енгізілген.