ЖОСАЛЫ КЕНТІНДЕ ЛАГЕРЬ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ
Жосалы кентінде оқушылар жаз бен қыста демалатын лагерь құрылысы басталды. Қазір «Промсервис-Е» ЖШС құрылысшылары нысанның іргетасын құйып жатыр.
Жалпы сметалық құны 1 млрд 292 млн теңге болатын лагерь аумағы 5 гектарға жетеді. Жоба бойынша мұнда 200 бала демалатын 4 жатын ғимараттан бөлек, спорт залы, клуб, әкімшілік және шаруашылық үйлері түспек.
Осы аудандағы «Жас өркен» балалар тынығу лагері 2006 жылы су астында қалуына байланысты жұмысын тоқтатқан болатын. Сол уақыттан бері аудан оқушылары жазғы демалысын басқа аудандардағы және республиканың өзге аймақтарындағы лагерьлерде өткізіп келеді.