ШИЖАҒА ЕЛДІ МЕКЕНІНДЕ АУЫЗ СУ ЖҮЙЕСІ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
Арал ауданының Шижаға ауылында сумен қамту жүйелерін қайта жаңғырту және кеңейту жұмыстары басталды. Осыған орай өткен шараға аудан әкімі М.Оразбаев қатысып, ауыл тұрғындарының көптен күткен қуаныштарына ортақтасты.
Елді мекені бойынша барлығы 43,5 шақырым магистральді желі жүргізіледі. Бас мердігер болып танылған «Тұран» ЖШС құрылыс жұмыстарын бітірген соң ауылдың 2286 тұрғыны таза сумен қамтамасыз етіледі.
Айта кетейік, мұндай жұмыс аудандағы Бөген, Аманөткел, Қамыстыбас, Аралқұм және Конту елді мекендерінде де жүргізілуде. Аудандық әкімдіктің мәліметі бойынша олар да жыл аяғына дейін қолданысқа беріледі.