ҚЫЗЫЛОРДАДА МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕГІ БОС ЛАУАЗЫМДАР ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ
Өткен жұмада Қызылорда облысында алғаш рет мемлекеттік органдардағы бос лауазымдар жәрмеңкесі өткізілді, деп хабарлайды «Хабар» агенттігі.
Агенттіктің хабарлауынша жәрмеңкеде 137 бос жұмыс орны ұсынылған. Оның 20-ы басшылық қызмет болса, алты лауазым құқық саласына тиесілі. Сондай-ақ, сот саласы да 20 орын ұсынған.
Мемлекеттік қызмет саласындағы бос лауазымдар жәрмеңкесіне 30 мекеме қатысқан.