СЫРДАРИЯДА СЕМИНАР ӨТТІ
Сырдария ауданы әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі аппаратының персоналды басқару қызметі бөлімінің ұйымдастыруымен «Е-қызмет» персоналды басқару ықпалдастырылған ақпараттық жүйесі бойынша жұмысы өнімділігін және сапасын арттыру бойынша семинар өтті.
Шараға жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын дербес бөлімдердегі, кент және ауылдық округі әкімі аппараттарындағы кадр жөніндегі мамандар қатысып, оларға «Е-қызмет» персоналды басқару ықпалдастырылған ақпараттық жүйесін жүргізу бойынша тәжірибелік және әдістемелік көмектер көрсетілді.
Сонымен қатар мамандарға ақпараттық жүйенің көмегімен кадр ісін жүргізуді автоматтандыру бағыты кеңінен түсіндірілді.