ОБЛЫСТА ҒЫ КИЕЛІ ЖЕРЛЕР КАРТАСЫ АЯСЫ ҰЛҒАЙДЫ
Ескі қалашықты, Барсакелмес қорығы мен Қаратау тауын Қызылорда облысының киелі жерлер картасына енгізу ұсынылды.
Қызылорда облысының 63 нысанын Қазақстанның киелі жерлер картасына енгізу ұсынылды, деп хабарлады облыстық мәдениет басқармасының бастығы Ержан Әбдірахманов. Бұл туралы ҚазТАГ агенттігі хабарлады.
«Әр өңірде «Қазақстанның киелі жерлер географиясы» жобасын жүзеге асыру бойынша жұмыс комиссиялары құрылды. Біздің облыста да комиссия құрамына мемлекеттік құрылымдар өкілдері, қоғам қайраткерлері, ғалымдар кірді, - деді Е.Әбдрахманов.
Оның айтуынша, нысандардың барлық тізімі топтарға бөлінді.
«Бірінші топқа археологиялық және архитектуралық нысандар, қажылық жасалатын діни жерлер кірген. Олардың арасында ескі Жанкент, Жент, Сығанақ қалашықтары, Баланды II, Мүлкалан кесенелері, Айтбай мешіті кірген. Екінші топқа Барсакелмес қорығы, Қамыстыбас, Қызылқұм көлдері, Қаратау тауы кірген», - деді ол.
Облыстың киелі жерлер нысандарының барлық тізімі «Қазақстанның киелі жерлері» орталығына жіберілген, сол жерде олар туралы өңірде жиналған материалдар зерттелетін болады.
«Қазақстанның барлық киелі жерлер нысандарына далалық этнографиялық экспедиция жөнелтіледі. Ол маусымда басталды және бірнеше ай жалғасады. Экспедиция есебі туралы арнайы тұжырымдама әзірленіп, критерийлер анықталады», - деп атап өтті Е.Әбдрахманов.
«Қазақстанның киелі жерлер географиясы» жобасы негізінен үш басты бағыттан тұрады. Жобаның негізгі операторы - Мәдениет және спорт министрлігі жанындағы ҚР ұлттық мұражайы. Оның базасында «Киелі Қазақстан» – «Сакральный Казахстан» ғылыми-зерттеу орталығы құрылған, ол жерде жетекші ғалымдар, археологтар, тарихшылар, этнографтар мен өлкетанушылардан құрылған сарапшы топ құрылған. Орталық «Қазақстанның киелі жерлер атласына» әдістемелік көмек көрсетумен айналысады.
Комментарии 1