ҚЫЗЫЛОРДА ПОЛИЦЕЙЛЕРІ ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ШАРА ӨТКІЗДІ
Қалада құқықтық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздік деңгейін арттыруға, криминогендік ахуалды тұрақтандыруға бағытталған профилактикалық пысықтау шаралары өтті. Аталған шараға Жергілікті полиция қызметінің жол-патрульдік, учаскелік полиция инспекторлары, жедел қимылдайтын арнайы жасақтың қызметкерлері және басқа қызмет салаларының жеке құрамы тартылды.
Қызылорда ОІІД баспасөз қызметінің мәліметінше шара жұмылдырылған күш-құралдарға арналған департамент бастығының орынбасары полиция полковнигі Ә.Шаймағамбетовтің нұсқау беруімен басталды.
Одан кейін барлық жеке құрам қылмыскерлерді ұстау, заңсыз қолданыстағы қару-жарақтар мен есірткі заттарын анықтау, қылмыстарды ашу, құқық бұзушылықтарды анықтау және жолын кесу, іс-әрекеті күдік тудырарлық азаматтар мен іздеудегі қылмыскерлерді ұстау бағытында шараларды жүзеге асырды.
Сонымен қатар, шара шеңберінде ішкі істер органдарында профилактикалық тіркеуде тұрған адамдар тұрғылықты жері бойынша тексерілді.