ЕЛБАСЫ «СЫР ШЕЖІРЕСІ» КӨРМЕСІНЕ КЕЛДІ
Мемлекет басшысы халықаралық «ЭКСПО-2017» мамандандырылған көрмесінің мәдени-думанды және спорттық іс-шараларының кешенді бағдарламасы аясында ипподромда өтіп жатқан жамбы атудан «Алтын жебе» халықаралық турнирін тамашалады.
Сонымен қатар, Қазақстан Президенті ипподром аумағында орналасқан «Этноауыл» ұлттық-мәдени кешенін аралап көрді. Кешенді аралау сәтінде Елбасы «ЭКСПО-2017» аясында ұйымдастырылған «Сыр шежіресі» атты қолөнер шеберлерінің көрмесінде болды.
Аймақтың өнері мен мәдениетін айшықтайтын қатарда аялдаған Елбасы өңір өнерпаздарының концерттік бағдарламасын тамашалады.
Нұрсұлтан Назарбаевқа ұлттық қолөнер бұйымдары, спорттық ойындар мен салт-дәстүр үлгілері көрсетілді.