ДАУЫЛ СОҒЫП, БҰРШАҚ ЖАУУЫ МҮМКІН
«Қазгидромет» республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қызылорда гидрометеорология орталығының хабарлауынша, 14-16 тамызда Қызылорда облысының кей жерлерінде шығыстан, оңтүстік-шығыстан секундына 15-20 метр жел соғып, найзағай ойнайды, бұршақ жаууы мүмкін.
Осыған байланысты Қызылорда облысы төтенше жағдайлар департаменті облыс тұрғындары мен қонақтарға қауіпсіздікті сақтау шараларына баса назар аударуды ескертеді.
Осыған байланысты Қызылорда облысы төтенше жағдайлар департаменті облыс тұрғындары мен қонақтарға қауіпсіздікті сақтау шараларына баса назар аударуды ескертеді.
Қызылорда облысы
Төтенше жағдайлар департаментінің
Мемлекеттік тіл және ақпарат тобы