ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ ПОЛИЦЕЙ ӘЛЕМ БІРІНШІЛІГІНЕН ЖҮЛДЕ АЛДЫ
АҚШ-тың Колифорния штатында 10-16 тамыз аралығында өтіп жатқан бүкіләлемдік полицейлер және өртсөндірушілер арасында әлем біріншілігіне жаһанның 67 елінен 8 мыңнан астам құқыққорғаушы қатысып, бағын сынап жатыр.
Жарыста Қазақстан намысын қорғаған Қызылорда ОІІД Жылдам қимылдайтын арнайы жасақтың аға инспекторы, полиция аға лейтенанты Ержан Абдуллаев алғашқы күні-ақ еліміздің қоржынына дзюдодан қола жүлде салды. Сексен бір келі салмақта күрескен Ержан финалда ресейлік және бельгиялық қарсыластарына ғана жол берді. Бұл туралы Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі хабарлайды.
Ержан осыған дейін де бірнеше спорттық шараларда топ жарған. Атап айтқанда, 2015 жылы Шу қаласында өткізілген ІІМ чемпионатында қоян-қолтық күрес бойынша ІІ орын жүлдегері, 2017 жылы өткен ҚР чемпионатының самбо күресінен ІІІ орын иегері, Т.Көмекбаев атындағы самбо турнирінің ІІ орын жүлдегері атанған.