КИІЗ ҮЙ ПІШІНДЕС КӨРМЕ
Астана ЭКСПО-2017 көрмесінде Ұлыбритания «Энергия – ол біз» тақырыбында қатысып жатыр. Павильонды сəулетші Асиф Ханның басқаруындағы британдық таланттар командасы жасап шығарған.
Бұнда келушілер қараңғы дəлізбен көрменің ортасына қарай жылжиды, ал онда аумағы 17 метр, 40000 панорамалық экраннан айналамыздағы табиғи əлемді бірегей цифрлық универсалдық көрінісінде тамашалауға болады.
Панорама қазақтың ағаш үйінің үлгісімен жасалған əдемі əйнек құрылым айналасында орнатылған. Ол адам қолын тигізген сəтте жарық және дыбыспен жауап қайтаратын 200 поликарбонат біздерінен құралған.
Көрмеге келушілер Ұлыбританияның энергия саласындағы бүгінгісі мен болашағына арналған көріністерді тамашалай алады.