ЕРТЕҢ АСТАНАДА СЫР ӨҢІРІНІҢ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘРМЕҢКЕСІ БАСТАЛАДЫ

Жәрмеңкеде Астана тұрғындары мен қала қонақтарына Қызылорда облысының 30 шаруа қожалығы 40 түрлі ауыл шаруашылығы өнімдерін ұсынады. Жалпы жәрмеңкеге 260 тоннаға жуық ауылшаруашылық өнімдері әкелінеді.
Сонымен қатар, 12 тамыз күні сырбойылық өнерпаздардың қатысуымен мерекелік концерт ұйымдастырылады. Елорданың орталық паркінде «Сыр самалы» атты концерт өтеді. Бұдан бөлек, 13 тамыз күні «Қазанат» ипподромындағы этноауылда эстрада әншілері, дәстүрлі орындаушылар, сондай-ақ «Томирис» би ансамблі өнер көрсетеді.