ОБЛЫС БОЙЫНША 84952 ӨТІНІМ ЕСЕПКЕ ҚОЙЫЛДЫ

Бұл туралы бүгін өңірлік коммуникациялық орталықта өткен баспасөз мәслихатында облыстық жер қатынастары басқармасының басшысы Ш. Қойшыбаев мәлімдеді.
–Жерлердің, оның ішінде ауыл шаруашылығы жерлерінің жай-күйін, сапасын анықтау және олардың өзгерісін бақылау бағытындағы ауыл шаруашылығы жерлерінің топырақтың балл бонитетін анықтау, топырақ зерттеу және топырақ зерттеу құжаттамаларын жаңарту және жер мониторингі шаралары республикалық бюджет есебінен жүргізіліп отыр, – деді басқарма басшысы.
Биыл жалпы 300 мың гектарға топырақ зерттеу жұмыстары жүргізілуде. Жоспар бойынша бұл жұмыс алда да жалғасын табады.