БАҒДАРЛАМА АЯСЫНДА ГРАНТ ЖЕҢІП АЛДЫ
Арал ауданында «БЖК-2020» бағдарламасы аясында сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау бағыты бойынша жеке кәсіпкер Г.Наурызованың «Мейрамхана және азық-түлік өнімдерін жеткізу қызметтері» жобасын облыстық Өңірлік үйлестіру кеңесі мақұлдап, кәсіпкер 32,5 млн. теңге несие алуға қол жеткізді. Ал А.Төремұратованың «Тойхана ғимаратын кеңейту» жобасы ( құны 20 млн.теңге) банк тарапынан оң шешім алады деп күтілуде.
«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында «Гранттық қаржыландыру бойынша» жалпы құны 1,550 мың теңге болатын 2 жоба қайтарымсыз грант жеңіп алды.
Бағдарлама бойынша Арал қаласының тұрғыны, жеке кәсіпкер Бақыт Әшірбекованың «Логопедиялық орталық құру» жобасы 900 мың теңге, ал сексеуілдік Ермек Ыдырыштың «Аяқ киім тігу цехы» жобасы 650 мың теңге көлемінде грант иеленді.