КОЛЛЕДЖ ҚҰТҚАРУШЫЛАРЫ ЖЕҢІМПАЗ АТАНДЫ
Ғ. Мұратбаев атындағы орталық стадионда жасөспірімдер мен жас құтқарушылар тобы арасында өткен VІІ республикалық жазғы чемпионаттың аяқталуына орай салтанатты шара өтті. Жарысқа Қазақстан Республикасының барлық облысынан 17 команда және Ақтөбеден, Павлодардан, және Қызылордадан келген жас құтқарушылардан 3 команда қатысты.
Чемпионаттың жабылуы барысында, республикалық федерациясының өкілі, бас төреші Дәурен Данаев жастар арасындағы жарыстың жоғары деңгейде өткенін атап өтті. Ол облыстық шараны ұйымдастыруға атсалысқаны үшін төтенше жағдайлар департаменті мен Абылай хан атындағы колледж басшылығына алғыс білдірді.
Жас құтқарушылар командасы арасынан жеңімпаз кубогы Қызылордадағы Абылай хан атындағы колледждің «Жас құтқарушылар» командасының студенттеріне бұйырды. Екінші орынды Ақтөбе облысынан келген «Жалын» командасы иеленді, үшінші орын тұғырына Павлодардан келген «Арлан» командасы көтерілді.
Қыздар арасында шабуыл сатысымен көтерілуден нәтижелер белгілі болды, кіші топтан қызылордалық Ксения Власенко үздік шықты. Екінші орынды тағы бір жерлесіміз Русалина Муликова жеңіп алды. Үшінші орынға Оңтүстік Қазақстан облысының өкілі Адема Славина ие болды.
Орта топтағы қыздар арасынан астаналық Адема Сабитова мен Мәдина Ахметова алғашқы екі орынды бөлісті. Үшінші орынға қызылордалық спортшы қыз Виктория Пустобаева ие болды.
Үлкен топтағы үздік нәтижені Қызылордадан спорт шеберінің кандидаты Елена Жукова еншісіне жазылды. Астана қаласынан келген Айнұр Әлімова мен Еркежан Төлеген екінші және үшінші орынды иеленді.
Жасөспірімдер арасында кіші топта бірінші орынды Шығыс Қазақстан облысынан Илья Ершов, екінші орынды атыраулық Инат Тасболат алды. Үшінші орын Тараз қаласындағы мамандандырылған колледж студенті Нұрдәулет Құлмахамбетовке бұйырды.
Орта топта үздік нәтижені Батыс Қазақстан облысынан келген спортшы Роман Андрюшенко көрсетті. Екінші орынды Оңтүстік Қазақстан облысынан Ильдар Ізбасаров, үшінші орынды ақтөбелік спортшы Назар Жанғали иеленді.
Жауынгерлік қанат жаюды өрістету өрттен құтқару спортында ең қызықты кезең. Осы жүгіру нәтижелері бойынша қыздар арасынан Астана қаласынан келген қыздар жеңімпаз болып шықты.
Жастар арасынан жауынгерлік қанат жаю бойынша Оңтүстік Қазақстан облысының командасы чемпион болды. Екінші орын Астана қаласының командасына бұйырды, Шығыс Қазақстан облысының командасы үшінші орын тұғырынан көрінді.
Жалпыкомандалық есепте Батыс Қазақстан облысының алға шықты, екінші орын Астана қаласынан келген командада, ал Шығыс Қазақстан облысы спортшылары үштікті түйіндеді.