«ҚҰҚЫҚТЫҚ ПАТРУЛЬ» АТТЫ АКЦИЯ ӨТТІ
Қызылорда облысы қорғаныс істері жөніндегі департаментінің қызмет бастығы, капитан Н.Ілиясовтың ұйымдастыруымен «Құқықтық патруль» атты акция өткізілді.
Департаменттің мәжіліс залында ұйымдастырылған шараға Қызылорда гарнизоны әскери прокуратурасының аға көмекшісі, әділет майоры А. Айтубаев, 5547 әскери бөлімінің әскери полиция бөлімшесінің аға анықтаушысы, майор М.Батырбек, 66597 әскери бөлімінің заң қызметінің бастығы, капитан А.Бейсембек, ҚР ҰҚК Шекара қызметінің 2019 әскери бөлім басқармасының аға офицері, әділет аға лейтенанты Н.Қалиев, ҚР ІІМ Ұлттық Ұлан 5547 әскери бөлім командирінің құқықтық сұрақтар бойынша көмекшісі, әділет лейтенанты А.Шалабаев және Қызылорда қалалық қорғаныс істері жөніндегі басқармасының құқықтық жұмыс жөніндегі бөлімше бастығы С. Шыныбекова қатысты.
Акция әскери қызметшілері мен азаматтық қызметкерлерінің құқықтық біліктілігін арттыруды мақсат етіп отыр.
Шарада сержант А. Қоңырбаев өзін мазалап жүрген сауалдарға жауап алғанын айтты.
–Мен бүгінгі акциядан түйген түйгенімді келешекте пайдаланатын боламын. Осындай акциялар жиі ұйымдастырылып тұрса, біліктілігіміз бен біліміз арта түсетіні рас – деді ол.
Акцияның ҚР ҰҚК Шекара қызметінің 2019 әскери бөлімінде, ҚР ІІМ Ұлттық Ұлан 5547 әскери бөлімінде жалғасады.
Қызылорда облысының қорғаныс
істері жөніндегі департаментінің баспасөз қызметі