ЖЕР ПАЙДАЛАНУДАҒЫ ОЛҚЫЛЫҚТАР ЖОЙЫЛДЫ

Ш.Қойшыбаевтың айтуынша осы жылғы 6 айда ҚР жер қатынастарының сақталуына 236 бақылау шарасы жүргілген. Тексеруде 171 заң бұзушылық деректері анықталды.
Облыстық жердің пайдалануы мен қорғалуын бақылау басқармасының басшысы Қайрат Әбенұлы өз мақсатында игерілмей жатқан 9 жер учаскелерін мәжбүрлеп алып қою мақсатында сотқа талап-арыздар жолданғанын жеткізді. Оның 5-уі мемлекетке қайтарылса, 2-уі пайдаланушы тарапына шешілді. Ал, қалған 2-уі соттың қарауында.
Қазіргі таңда облысымызда жер учаскелерін пайдаланудағы шектеулер және ауыртпалықтар бойынша 79 адам тіркелген. Яғни, оларға тиесілі жерін жалға беруге немесе кепілдікке қоюға заңды түрде рұқсат етілмейді.