БАЛАЛАР ҰЛТТЫҚ ОЙЫН ТҮРЛЕРІНЕН ЖАРЫСТЫ

Іс-шарада «Қоғамдық келісім» КММ аға сарапшысы Шахизат Абдраманова «Тиімді тілдік орта» ойын алаңының негізгі мақсаты жайлы айтып өтті.
Балабақшаларда, мектептерде және жазғы демалыс лагерлерінде демалыспен ұштастырылған қазақ тілін оқыту алаңдары, ұлттық және спорттық ойындар, байқаулар мен викториналар бала дамуына дем берер бастама болып отыр.
«Сырдария» балалар сауықтыру лагерінің директоры Гаухар Құдайбергенова жарысқа қатысушыларға сәттілік тілей отырып, бәйгеде мықтылар ғана оза шабатынын айтып өтті.
Тартысты өткен жарыста қатысушылар белсенділігі мен тапқырлығы жоғары бағаланды. Ұлттық ойын алаңында үлгілі нәтиже көрсеткен 6 жеңімпаз марапатталып, дипломдар мен бағалы сыйлықтарға ие болды.

