ЕКІ КҮНДЕ 5 АДАМ СУҒА КЕТТІ

Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағының басшысы Бақыт Ембергеновтің айтуынша, қайғылы оқиғаның барлығы да шомылуға арналмаған аймақтарда болып отыр.
8 тамыз күні Жалағаш ауданына қарасты Таң ауылындағы «Жанбасарық» каналында 7 жасар қыз суға кеткен. Дәл осы күні кешкі сағат 19.30-да құтқарушылар «Сталин» каналынан 17 жастағы жасөспірімнің мәйітін шығарды.
Екі күн өткенде Қармақшы ауданындағы «Бала Жарма» каналынан 9 сынып оқушысының денесі табылды. Сондай-ақ, құтқарушылар белгісіз себептермен суға кеткен екі адамның мәйітін тапты. Қазіргі таңда олардың жеке басын анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр.
ТЖД қызметкерлерінің айтуынша жыл басынан бері 24 адам суға кеткен. Оның 17-і суға түсу маусымында орын алған.