ЖАҢҒЫРУ НЕГІЗІ – БІРЛІК ПЕН ТҰТАСТЫҚ
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында көтерілген мәселелер қоғамды рухани дамуға бастайтын маңызды қадам болып табылады. Елбасы өз мақаласында елді жаңа жетістіктер мен биіктерге жетелейтін жүйелі шараларды ұсынып, басты құндылық ретінде елдің бірлігін сақтау керектігін ерекше атап өтті.
Мақалада бəсекеге қабiлеттiлiк, прагматизм, ұлттық бiрегейлiктi сақтау, бiлiмнiң салтанат құруы, Қазақстанның эволюциялық дамуы, сананың ашықтығы секілді мəселелерге баса назар аударылған. Бүгінде бұл мəселелердің барлығы Қазақстан халқы Ассамблеясының «жол картасына» айналып отыр. Сананың жаңғыруы қоғамның қазіргі жаһандық сұраныстарына жауап бере отырып, ғылым мен техниканың, саясат пен экономиканың, əлеуметтік өмірдің ең озық үлгілерін қабылдап, жүзеге асырумен қатар, ұлттың ұйысуына, ортақ жетістіктерге жетуіне ықпал етеді.
«Қазіргі күні елімізде саяси реформа мен экономикалық жаңғыру үдерісі қатар жүргізілуде. Бұл процестердің негізі – Қазақстанды əлемдегі ең дамы ған 30 елдің қатарына қосу. Аталған реформалар ойдағыдай іске асу үшін ең алдымен рухани жаңғыруды іске асыру қажет. Біз əлемдік технологияны, жаңалықтарды қабылдай отырып, өз ұлтымыздың тарихи тəжірибесі мен дəстүрлерін сақтау арқылы дамуымыз керек. Біз озық елдермен иық теңестіруіміз үшін бəсекеге қабілетті болуымыз керек» – деді Елбасы өз мақаласында.
Бүгінде Мемлекет басшысы ұсынған жобалар халық арасында қызу қолдауға ие болып отыр. Мəселен, «Туған жер», «Қазақстанның киелi жерлерiнiң географиясы», «Жаһандағы заманауи қазақстандық мəдениет», «Қазақстандағы 100 жаңа есiм» жəне т.б. жобалар іске асырыла бастады. Бұл жобаларды жүзеге асыру арқылы қоғамдық келісім мен бірліктің, елжандылық қасиеттердің нығаюына, сол арқылы жауапкершілігі жоғары ұлт азаматтарын қалыптастыруға негіз болмақ. Ұлттық кодымызды, дəстүрлеріміз бен мəдениетімізді сақтап қана қоймай, оны əлемдік өркениеттің озық үлгілерімен байыта аламыз.
Ұлы даланың бай тарихы елін сүйетін, жерін қастерлейтін жаңа қазақстандық ұрпақты тəрбиелеудің негізі. «Туған жерге туыңды тік» деген дана халқымыз. Бұл – əрбір адамның кіндік қаны тамған жеріне сүйіспеншілікті білдіреді. Кез келген азамат өзінің тарихына, мəдениетіне, салт-дəстүріне терең бойлай білуі керек. Мемлекет басшысы мақаласында «Туған жер» бағдарламасын ұсынып, жас ұрпақтың бойына елге деген сүйіспеншілік, патриоттық сезімді қалыптастыру керектігін атап өтті. Елбасы білім, ғылым, зияткерлік қабілет жəне сапалы еңбек арқылы бəсекеге қабілеттілікті арттыру керектігіне ерекше тоқталды. Əрбір адам өз тарихын терең біліп қана қоймай, заман талабына сай қасиет терге де ие болуы керек. Қазір «Цифрлы Қазақстан», «Үш тіл де білім беру», «Мəдени жəне кон фессия аралық келісім» бағдарламаларын жүзеге асыру маңызды.
Төрт өркениеттің төрі болған Сыр өңірінде туризм кластерін қалыптастыру мүмкіндігі жоғары. Жұлдызды аспан əлемі мен жұмыр жерді байланыстырған «Байқоңыр» мен түркі мифологиясының қайнар көзі – «Қорқыт ата» кешені жаһандық ЭКСПО-2017 көрмесінің нысанына айналып отыр.
Қорқыт бабамыз қалдырған гуманистік мұралары, өсиет қағидалары қоғамның бүгінгі тыныс-тіршілігімен де үйлесім тапқан. Сондықтан болар, Сыр дың шежірелі сырға толы жазық даласы мен сай-саласы шетелдіктердің ортаазиялық саяхаттық бағытына енгізілген. Бүгінде мемориалдық кешенді көруге асыққан туристердің қарасы қалыңдай түскен. Тарихтан мəлім, Сырдың бойы сақ пен оғыздың орталығы болған, қазақтың байрағы тігілген тарихи шаһарлар мекені. Қазіргі таңда облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен жыл сайын «Ұлы Дала елі» тарихи экспедиция сы жүйелі жұмыс жүргізіп келеді. Тамыз айының бас кезіне жос- пар ланған кезекті «Ұлы Дала елі» тарихи экспедициясы Оңтүстік Қазақстан мен Қызылорда облысының Арыстан баб, Отырар қаласы, Қожа Ахмет Ясауи кесенесі, Сауран жəне Сығанақ қалалары секілді тарихи-мəдени, рухани орталықтарға сая хат жасап, еліміздің киелі орын дарының географиясымен танысуды белгілеп отыр. Экспедицияның мақсаты – Оңтүстік өңірдің тарихи-мəдени жəне рухани мұрасымен танысу, оқып- үйрену арқылы бірегейлік пен ұлттық тұтастықты нығайту, туған жердің киелі орындарына барып елжандылық қасиеттерді арттыру.
Бір жылдары Каспиймен қабысып жатқан Арал айдыны келмеске кеткендей көрініп еді. Ал бүгін «ғасыр жобасының» ғаламат нəтижесіне күллі əлем таңырқай қарайды. Тəуелсіздіктің туын тіккен ширек ғасыр шеңберінде шаруасына шыр біткен аймақтың əлеуеті əлденіп, келбеті əрленіп келеді. Тоқсаныншы жылдары егемендігін енді ғана еншілеген ел үшін Аралдан өзге де түйткілдер көп еді. Алайда, Елбасы күллі адамзат қасіретімен күрес жолында əлемдік қоғамдастықты жұмылдыра білді. САРАТС – сенімді ақтады. Судың деңгейі көтеріліп, тұздылығы төмендеп, балық өрісі жанданды. Мұның бəрі тұтаса келгенде халқымыздың ұлттық бірегейлігінің, ырысты ынтымағының көрінісі.
Тарихты тұлғалар жасайды. Бұл өмір ақиқатымен келген заңдылық. Бағдарламалық мақалада ұсынылған «100 жаңа есім» жобасын əзірлеу уақыт талабынан туындаған, жастарды патриоттық рухта тəрбиелеудің жаңа бағыты болмақ. Бауырына талай ұлтты сыйғызып, айрандай ұйып отырған қазақ жерінің бір бөлшегі – Сыр өңірі.
Өңірімізде «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасына енгізіліп, есімдерін бүкіл елге танытуға лайық адамдар бар. Атап айтқанда, Рио Олим- пиадасының қола жүлдегері, Сыр жерінің мақтанышы Александр Зайчиков. Қыз бала болса да, Қазақстан ғана емес, əлем алдында ер азаматтың ісіне татырлық жеңісті еліне сыйлап, көк байрағымызды желбіретіп, əнұранымызды əуелете асқақтатқан боксшы, Сыр өңірінің тумасы Марина Вольнова. Қазақстандық қыздар арасында тұңғыш əлемдік Гран-при жарыстарында жүлде алған мəнерлеп сырғанаушы – Элизабет Тұрсынбаева. Қазақ тілі қанымен емес, отбасындағы тəрбиемен дарыған, 2016 жылы Парламент Мəжілісінің ең жас депутаты болып сайланған Геннадий Шиповских еліне деген сүйіспеншілігін ісімен дəлелдеп, халықтың сенімін ақтау азаматтық парызы санайтын отаншыл тұлға.
Бəсекеге қабілетті озық отыз елдің қатарына кірігу мақ-сатында жүйелі жұмыс жүргізу үшін берекелі бірлігіміз бен тұтастығымыз ерекше құнды. Дана халқымызда «алтау ала бол са ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса төбедегі келеді» деген асыл сөзі бар. Бүгінгі күні елі мізде орнаған бірлік пен тату тірлігіміз үшінші жаңғыруды жүйелі жүзеге асырудың негізі болмақ.
Ләйлә ТӨРЕШОВА, Қызылорда облыстық
Қазақстан халқы Ассамблеясы
төрағасының орынбасары – хатшылық меңгерушісі
Дереккөз: «Егемен Қазақстан» газеті