ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫНАН ТУЫНДАЙТЫН МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

Іс-шараны облыстық соттың азаматтық істер бойынша сот алқасының төрағасы Әділхади Шығамбаев ашып, жер құқықтары қатынастарынан туындайтын даулардың статистикалық деректеріне тоқталды.
«Дөңгелек үстелде» қалалық соттың судьялары Эльмира Ахметова, Ахметжан Есдәулетов, Қызылорда облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасының басшысы Қайрат Тоғызбаевтар сөз сөйлеп, жер қатынастарынан туындайтын мәселелерге нақты тоқталды.
Баяндамашылар жер қатынастарынан туындайтын даулардың сотпен реттелуі, оны қолдану тиімділігі және туындаған кедергілер туралы айтып өтті.
Мәселен қалалық соттың судьясы Э.Ахметова өзінің баяндамасында жер құқықтық қатынастар мәселелерін реттейтін заңдар мен нормативтік құқықтық актілердің судьялардың жерге қатысты дауларды жан-жақты және объективті қарап, дұрыс және әділ шешім шығаруына ықпалын тигізетінің айтты.
Шара соңында «Дөңгелек үстелге» қатысушылар жер дауларына қатысты істерді сот тәжірибесінде қарау барысына тоқталып, өзара пікір алмасты.