ӨНЕР ҰЖЫМЫ АСТАНАЛЫҚТАРҒА ПРЕМЬЕРА ҰСЫНАДЫ

Кешке Максим Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театрында М.Ахунзаденің «Кетпейсің. Болды, кетпейсің...» спектаклінің премьерасы көрсетіледі. Айта кетейік, Спектакльдің қоюшы режиссері – Қазақстанның еңбек сіңірген артисі Мұрат Ахманов. Сондай-ақ, премьераға Сәбит Рахман атындағы Шеки мемлекеттік драма театрының бас режиссері, Әзербайжан Республикасының өнер қайраткері Мирбала Салимли Сейидаскероглы қатысады.
Естеріңізге сала кетейік, Астанада «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында 10-14 тамыз күндері Қызылорда облысының мәдени күндері өтуде.
