ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ ШАХМАТШЫ БІР МЕЗГІЛДІК СЕАНС ӨТКІЗЕДІ
Қызылордалық шахматшы Әсел Серікбайдің 15 тақтада көрсететін бірмезгілдік сеансы 14 тамыз күні 16:00-де Астана қаласындағы шахмат клубында (Асан Қайғы, 2) басталады.
Ә.Серікбай шахматтан облыс тарихында алғашқы ФИДЕ шебері, жасөспірімдер және жастар арасында 8 дүркін Қазақстан чемпионы. Сондай-ақ, 3 дүркін Азия, оқушылар арасында 2 дүркін әлем чемпионы атанған.
