ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
Сырдария ауданында қосымша кіріс көздерін түсіру мақсатында «Салық салу базасын ұлғайту» жөніндегі жедел жұмысшы тобын құру туралы аудан әкімінің өкімі шыққан болатын. Осыған сай жасақталған топ құрамына «Атамекен» кәсіпкерлік палатасының қызметкері Н.Құрақбаева, Сырдария ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкерлері Э.Байманова, А.Раманкұлова, Р.Жағыпаров, және БАҚ өкілдері енді.
Осы жұмысшы топ ауданға бір ай бойы С.Сейфуллин, Қалжан ахун, А.Тоқмағанбетов, Шіркейлі, Н.Ілиясов, Қоғалыкөл, Тереңөзек кентінде орналасқан сауда орындарын аралап, алкоголь өнімдерін лицензиясыз сатып отырған кәсіпкерлерге түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сала мамандарын тарапынан кәсіпкерлерге салық қызметіннің функциялары айтылды.
Бақылау барысында үш кәсіпкердің алкоголь өнімдерін сатуға лицензиясы жоқтығы анықталып, бүгінде олардың 2-і заңды түрде жұмыс жасап жатса, 1-і тиісті құжаттарын дайындау үстінде.
Сонымен қатар, арнайы топ жүргізген түсіндірме жұмыстарының нәтижесінде бірнеше жеке тұлға кәсіпкер ретінде тіркеліп, бақылау кассалық машинасын алды.