МҮГЕДЕКТЕР МӘСЕЛЕСІНЕ БАСА МӘН БЕРІЛЕДІ
Осы шаралар аясында жыл басынан бері 587-ден астам мүгедек арнайы құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіліп, бекітілген іс-шаралар жоспарына сәйкес бос жұмыс орындары жәрмеңкесі 8 мәрте өткізіліп, 11 мүгедек тұрақты жұмыстарға жолданды. Мүмкіндігі шектеулі тағы 5 адам ақылы қоғамдық жұмыстарға тартылды. Осы санаттағы азаматтар арасында 3 тұрғын «Бастау Бизнес жобасы» бойынша кәсіпкерлік негіздерінде оқуды аяқтады.
Мүгедектердің, оның ішінде кресло – арбалармен жүретіндердің әлеуметтік, көлік және рекреациялық инфрақұрылым нысандарына кедергісіз қол жетімділігін қамтамасыз ету мақсатында 63 нысанға кезең-кезеңмен түгендеу жүргізіліп, оның ішінен 2 нысанның бейімдеуге жататындығы анықталды. Бүгінгі күнге түгендеу жұмысы аяқталды.
Инватакси қызметіне мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында сатып алулар өткізіліп, онда «Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің «Жосалы» корпоративтік қоры жеңімпаз болып танылып, 6 айда 483 адамға қызмет көрсетілді.