АЛТЫ АЙДА 223 МЛН ТЕҢГЕДЕН АСА ЖАЛАҚЫ ҚАРЫЗЫ ӨНДІРІЛДІ

Жыл басынан бері еңбек инспекциясы әр түрлі меншіктегі 179 мекеме мен кәсіпорынды тексерілген. Тексерулер нәтижесімен 238 заң бұзушылық фактілер анықталды. Сонымен қатар, Қызылорда облысының мемлекеттік кірістер департаменті банкроттық және оңалту рәсімі жүргізіп жатқан 4 кәсіпорында 85 жұмысшыға, барлығы 12,2 млн теңге жалақы қарызы қалыптасып отыр.
Сондай-ақ, өндірістік жарақаттану деректері де тіркелген. Осы жарты жыл ішінде 27 жазатайым оқиға тіркеліп, оның 16 еңбек қызметімен байланысты деп танылған, одан 18-і зардап шегіп, оның 11 ауыр жарақат алған.