ҚЫЗЫЛОРДА МҰНАЙЫ ҚЫМБАТҚА БАҒАЛАНУДА
ҚР Статистика комитетінің дерегінше, жыл басталғалы Қазақстан "қара алтынының" құны 12,5 пайызға қымбаттады. Шілдеде отандық өнімнің тоннасы 43,7 мың теңгеге саудаланған. Бұл туралы LS басылымы сілтеме жасаған http://astanatv.kz/ хабарлайды.
Әсіресе, Қызылорда мұнайы қымбат бағаға сатылуда. Өткен айда тоннасы 58,7 мың теңгеге бағаланды. Құны жыл басынан 10,8 пайызға өскен. Одан кейінгі орында Ақтөбе мұнайы. Оның тоннасы 50,8 мың теңге болып отыр. Атырау өнімінің тоннасы 41,6 мың теңге, Маңғыстау мұнайы 40,4 мың теңге көлемінде бағалануда.