ЖЕРГІЛІКТІ БИЛІКТІҢ ЖІТІ НАЗАРЫНДА ТҰР
Қазіргі таңда облысымыздағы әлеуметтік әлсіз топқа жататын тұрғындарды, аз қамтылған немесе көпбалалы отбасыларды жергілікті атқарушы органдар жіті назарда ұстап, тиісті көмектер көрсетіп келеді.
Мысалы Жаңақорған ауданындағы Қалдыбаев Нұржан Әбенұлының отбасы Жаңақорған ауданы Төменарық ауылы әкімдігінің тарапынан ұдайы бақылауда екенін және тұрақты түрде әлеуметтік көмектер көрсетіліп отыратындығын айтуға болады.
Н.Қалдыбаевтың ұлы С.Әбенов аудан әкімдігінің ықпалымен 2014 жылы «Серпін» бағдарламасы бойынша Қостанай қаласының индустриялды – педогогикалық колледжіне түсті. Биыл Сержан Нұржанұлы оқуын бітіреді. Осыған орай, ауыл әкімі Н.Фазылов өз тарапынан колледж директоры атына хат жазып, ауылдық округке жұмысқа орналасуға ықпал жасайтынын жеткізді.
Қазіргі таңда Н.Қалдыбаевтың биыл мектеп бітірген ұлы Ә. Әбеновті маусымдық жұмыспен қамту мәселесі көзделуде.
Жаңақорған аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мәліметі бойынша, Н.Қалдыбаевтың отбасына асыраушысынан айырылуына байланысты 51609 теңге әлеуметтік жәрдемақы және 9440 теңге арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындалған. Сонымен қатар, қызы Әбен Мәдинаға 32 042 теңге көлемінде әлеуметтік жәрдемақы төленеді. Жеңілдігі 2 179 теңге. Күтушілігіне алатын жәрдемақысы 25682 теңге. Барлығын қосқанда Н.Қалдыбаевтың отбасы айына 120952 теңге әлеуметтік жәрдемақы алады.
Ауылдық округ әкімдігінің қолдауымен үйіне «Отау ТВ» телеқондырғысы орнатылса, «Нұр Отан» партиясы Жаңақорған аудандық филиалы атынан әлеуметтік көмектің барлық түрі бірінші кезекте Қалдыбаев Нұржан Әбенұлының отбасына беріліп келеді. Сонымен қатар, жеке демеушілер есебінен де түрлі қаржылай және заттай көмектер көрсетілуде.
Оның мектепте оқып жүрген ұл-кыздарына мемлекет тарапынан әрдайым қолдау көрсетілуде. Бүгінгі күні «Нұр Отан» партиясы Жаңақорған аудандық филиалының ұйымдастыруымен Нұржан Әбенұлының отбасына қаржылай көмек жинақталуда және алдағы уақытта бұл отбасына тұрғын үй алып беру үшін жұмыстар жасалуда. Бұған дейін 2014 жылы Төменарық ауылдық округі әкімінің қолдауымен Н.Қалдыбаевтың 4 бөлмелі үйіне тағы 2 бөлме қосып, тұрғын үйді кеңейту жұмыстары жүргізілген болатын.