ЖАРЫЛҒЫШ ЗАТ ТУРАЛЫ ЖАЛҒАН ХАБАР БЕРГЕН АЗАМАТ ҰСТАЛДЫ

Оқиға орнына жедел түрде полиция қызметі мен арнайы қызмет түрлерінің күш-құралдары жұмылдырылып, толық тексеру жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде ешқандай жарылғыш зат немесе күдік тудырарлық құралдар анықталған жоқ.
Жедел іздестіру шаралары барысында «жарылғыш зат» қойылғаны туралы хабарлаған 37 жастағы азамат анықталып, қалалық ішкі істер басқармасына жеткізілді. Аталған дерек бойынша Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 273-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.
Тексеру кезінде аталған азаматтың жүйке аурулар емханасында есепте тұратындығы анықталып, ол дәрігерлердің бақылауына берілді.